RU

Қарызға белшесінен батқан алматылық бойжеткен күйеуге шығуға қорқып отыр

Қарызға белшесінен батқан алматылық бойжеткен оқырмандардан қарыздан құтылудын жолын сұрап, жанайқайын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: molodost35.ru
Көрнекі фото: molodost35.ru: UGC

Той күні белгіленіп қойылған 25 жастағы ару алдағы күзде ұясынан ұзатылып шықпақ. Алайда кезінде желідегі түрлі сайттар арқылы қарызға ақша алудын қызығына түскен ол, бүгінде төрт бірдей шағын ұйымдарға берешек екен.

"Осыдан бір жыл бұрын алынған қарыздарымды сұрап күнде хабарласады. Жалғыз маған емес құрбыларыма, ата-анама, туысқандарыма да маза бермейді", - дейді ару .

Ол тіпті, бұл туралы ата-анасына да, күйеу жігітіне де айта алмайтындығын жеткізді.

"Ата-анама айта алмаймын, білсе оларға жаман әсер етуі мүмкін. Болашақ жарыма да айта алмаймын, себебі алдағы тойымызға жалғыз өзі ақша жинап жүр", - деген қалыңдық күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылғанын айтады.

Қазір бойжеткен балабақшада жұмыс істейді, айлығы небәрі 40 мың теңге. Бүгінде қосымша жұмыс іздеген ол, оқырмандардан қарыздан құтылудын жолын сұрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1735394-karyzga-belsesinen-batkan-almatylyk-bojzetken-kjeuge-syguga-korkyp-otyr.html