RU

Министрлік Жақсалиевтің үй қамаққа алынуына қатысты жауап берді

Энергетика министрлігі вице-министр Бақытжан Жақсалиевтің үй қамаққа алынуына байланысты түсініктеме берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Министрлік Жақсалиевтің үй қамаққа алынуына қатысты жауап берді
Министрлік Жақсалиевтің үй қамаққа алынуына қатысты жауап берді: UGC

Ведомствода бұл қателіктер келешекте қайталанбас үшін қажетті іс-шаралар жүргізілетіні айтылды.

"Энергетика министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ресми мәлімдемесіне сәйкес, вице-министр Жақсалиевтің үй қамауына алынғандығы жөнінде жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде қолданылған қандай да бір нақты шара туралы ақпарат жоқ екенін хабарлайды", - делінген ресми мәлімдемеде.

Сондай-ақ, министрлік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарды болдырмау мақсатында жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізетінін айтты.

"2017 жылдың қорытындысы бойынша министрлік қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталмағанын атап өту керек", — деп толықтырды ведомство.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев қызметін асыра пайдаланған деген негізде күдікке ілінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1735402-ministrlik-zaksalievti-j-kamakka-alynuyna-katysty-zauap-berdi.html