RU
Дариға Назарбаева Орталық Азия елдеріне ортақ виза енгізуді ұсынды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Дариға Назарбаева Орталық Азия елдеріне ортақ виза енгізуді ұсынды

Рассказать Вконтакте

Сенатор Дариға Назарбаева Сарыағашта Өзбекстан депутаттарымен басқосу барысында ортақ виза енгізу туралы ұсыныс айтты. Оның ойынша, ортақ виза арқылы көрші мемлекеттердің қарым-қатынасы жақсарып қана қоймай, туристерді көптеп тартуға да мүмкіндік туады. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Дариға Назарбаева

Дариға Назарбаева

Тараптар екі сағаттан астам уақытта саясат, сауда-саттық мәселелерімен қатар мәдениеттің жайын да талқылады.

Астана мен Ташкенттен жеткен шенеуніктер жүк тасымалдаушы көліктердің шекарада ұзақ уақыт тұратынына алаңдаушылық білдіріп, өткізу бекеттерін цифрлық-электрондық бақылауға алу керектігін айтты. Олар осы арқылы көлік кептелісін ғана емес, жемқорлықты да жоюға болады деп есептейді.

Айта кетсек, 2017 жылы екі елдің арасындағы сауда айналымы 2 млрд долларды құраса, биыл жыл соңына дейін бұл меже 3 миллирдқа дейін жоспарланып отыр. Ал, ортақ мәселелерді шешу үшін алдағы уақытта тіпті парламентаралық комиссия құрылмақ.

"Осы жұмысты жәй ғана әңгіме болып ұмытылмасы үшін дегендей, енді жыл сайын не жарты жыл сайын кездесіп отырсақ. Бүгін талқыланған мәселелер шешім тапты ма, қандай кедергілер бар, соны айтып отырсақ іс жылдам шешілер еді", - дейді сенат депутаты Дариға Назарбаева.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір