RU
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Жаңалықтар Қоғам

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Рассказать Вконтакте

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: RussInfo.net

Көрнекі фото: RussInfo.net

Синоптиктердің болжамынша, тек солтүстікте, оңтүстік-батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде өткінші найзағайлы жаңбыр жауады, дауыл, желдің күшеюі, тұман болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейіп, кей жерлерде найзағай, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының, күндіз Ақтөбе, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді, Ақмола облысының кей жерлерінде түнде найзағай, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтілсе, Маңғыстау облысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel