RU
"Оразамын" деген жігітті тепкілеп өлтіргендер жаға ұсатты
Жаңалықтар Әлемде

"Оразамын" деген жігітті тепкілеп өлтіргендер жаға ұсатты

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның Наманған облысы Тұрақорған ауданындағы Шаханд агроэкономикалық колледждің 2 курс студенті, 19 жастағы жігітті 1 маусымда курстастарының тепкісінен көз жұмған деп хабарлайды centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: dpchas.com.ua

Көрнекі фото: dpchas.com.ua

Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқан жігіт Рамазан айында ораза ұстап жүрмін, төбелеспеймін дегеніне қарамастан, оны тепкінің астына салып, өлімші етіп сабаған.

Колледжде сабақ беретін оқытушының айтуынша, қайғылы оқиға оқу ғимаратының алдында болған.

"Қайтыс болған жігіттің курастасының айтуынша, оқиға колледж ғимаратының ішінде болған. Сосын үш жігіт оны сыртқа алып шыққан. Қаза тапқан жігіт Рамазан айында ораза ұстап жүрмін, төбелеспеймін деген. Ол кері сабағына кіргісі келген. Сол кезде бірі оны жұдырығымен ұрған, қалған екеуі тепкіге салған. Жігіт қарсыласпаған, тепкіден сол жерде қаза тапқан", – дейді оқытушы.

Марқұм сабағын жақсы оқыған, тәртіпті болған екен.

Наманған облысы ІІБ қызметкері күдіктілердің ұсталғанын айтты.

"Қаза тапқан жігіт расында ораза ұстаған. Оны өлтірген курстастары ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр", – деді ол.

Әзірге колледж студенттері арасында болған кикілжіңнің себебі айтылмайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
8
33
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір