RU
Өзбекстанда Рамазан айында әншілерге қатаң ескерту жасалды
Жаңалықтар Әлемде

Өзбекстанда Рамазан айында әншілерге қатаң ескерту жасалды

Рассказать Вконтакте

"Өзбекконцерт" мемлекеттік мекемесінің басшысы Одилжон Абдукаххаров Рамазан айы кезінде өздеріне пиар жасаумен айналысып жүр деп эстрада әншілерін сынға алды деп хабарлайды centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Коллаж: arhar.kz

Коллаж: arhar.kz

Жергілікті басылымның хабарлауынша, "Өзбекконцерт" басшысы әншілерге ауызашар кезінде имамдармен суретке түсіп, оны әлеуметтік желілерге жариялауға тыйым салған.

Одилжон Абдукаххаров кейбір әртістер діни шараларды өздерінің атақ-абыройын көтеру үшін пайдаланады деп есептейді. Оның сөзінше, ислам әншілердің пиарына мұқтаж емес.

Әншілерге лицензия беретін мекеме басшысы сонымен бірге сахнаға шығып жүрген қыз-келіншектерге ашық-шашық жүрмей, ұлттық дәстүрге сай киінуді талап еткен.

"Сіздер көрермен назарын алаңдатпай, таланттарыңызды шыңдауларыңыз керек", - дейді Абдукаххаров.

"Өзбекконцерт" әдетте әншілер мен әртістерге бір жылға лицензия береді. Мекеменің саханада жартылай жалаңаш киініп шыққан қыз-келіншектердің лицензиясын қайтарып алған кездері де болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
3
0
18
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel