RU

Орындаушылар жауап берді: "Самая вышка" әнінің плагиат екені рас па?

Тыңдармандар арасында хитке айналған "Самая вышка" әнінің плагиат екенін әшкерелеген Нұртас Адамбай Instagram парақшасында жазба қалдырған болатын. Алайда әнді орындаушылар Раим мен Артур өз әндерін плагиат деп сынағандарға жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Раим мен Артур. Фото-коллаж: NUR.KZ
Раим мен Артур. Фото-коллаж: NUR.KZ: UGC

Хит әннің орындаушылары Instagram парақшасы арқылы мәлімдеме жасап, мысалдар келтірген.

Раим мен Артур "Самая вышканың" алғашқы нұсқасы 2017 жылы шілде айында шыққан.

"Бізді қаралағандар мына деректерге мән берсе екен. Біздің ән 2017 жылдың шілдесінде шықты. Ал Michael Sanchez-дің орындауында 2018 жылдың 11 қаңтарында көпшілікке ұсынылған. Екі орындаушының да авторлық құқығы бар. Бізде қазақтар бір-бірін аяқтан шалуға дайын тұрады. Бізге қолдау білдірген тыңдармандарымызға алғыс білдіреміз", - деді Раим мен Артур.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1735431-oryndausylar-zauap-berdi-samaa-vyska-nini-plagiat-ekeni-ras-pa.html