RU

Тұрмыстағы әйелді сүйіп алған атышулы президент ұятқа қалды (видео)

Филиппиннің 73 жастағы президенті Родриго Дутерте тұрмыстағы әйелді ел алдында сүйп алып, ұятқа қалды деп хабарлайды oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Родриго Дутерте. Фото: oxu.az
Родриго Дутерте. Фото: oxu.az: UGC

Феминисттердің ашуын тудырған жағдай Оңтүстік Кореядағы филиппин диаспорасымен кездесу уақытында болған.

Президент сүйіп алған Беа Ким тұрмыстағы әйел екен.

Елдің көңілін көтеру үшін сексуалдық әрекетке барған президенттің бұл ісіне Корей еліне танымал тұлғалар наразы болған.

"Елдің көңілін көтеру үшін өзгенің әйелін масқаралауға болмайды", - деді әйелдер партиясының басшысы Хомс Сальвадор.

Айта кетейік, 73 жастағы филиппиндік президент әйел баласының өзгелердің көңілін көтеру үшін жараталығанын үнемі айтып жүреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1735436-trmystagy-jeldi-sjip-algan-atysuly-prezident-atka-kaldy-video.html