RU
Ажалдан құтылмақ болған шаянның әрекеті желідегілердің жүрегін ауыртты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ажалдан құтылмақ болған шаянның әрекеті желідегілердің жүрегін ауыртты

Рассказать Вконтакте

Қытайдағы тамақтану орындарының бірінде ажалдан құтылмақ болған шаянның әрекеті видеоға түсіп қалды. Өмірі үшін күрескен ол қайнап тұрған судан шығамын деп аяғынан айырылған деп хабарлайды Oxu.Az порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл оқиғаны видеоға түсіріп алған адам шаянды қайнатып жемешкі болған кафеге келушілердің бірі екен. Алайда бұндай көріністен кейін жүрегі ауырған ер адам шаянды үйіне алып кетіп, аквариумға салып қойыпты.

Айта кетейік, 11 секундтың ішінде аталмыш видеоны 600 мың адам қараған.

Ал желі қолданушылары шаянға жаны ашып, игі іс жасаған адамға алғыстарын жаудырып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
11
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір