RU
Елімізде менингитке қарсы екпенің бағасы қанша?
Жаңалықтар Қоғам

Елімізде менингитке қарсы екпенің бағасы қанша?

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласында менингит жұқпасына қарсы екпе салғысы келетін адамдардың саны көбейіп кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Еспресо

Көрнекі фото: Еспресо

"Қазақстанға аталған жұқпамен күресуге 6 мың 700 вакцина жеткізілген. Бүгіндері 4600-ге жуығы Алматының жеке емханаларында",-деді бас санитар.

Дәрі құны қазіргі таңда 22.500 теңгені құрайды. Елімізде аталмыш аурудың А, В, С секілді үш түрі тіркелген. «А» түрі өлімге алып келетін болғандықтан одан сақтану үшін алдын-ала қам жасау керек. Екпе еккеннен кейін иммунитетті қалыптастыру аралығы 14-21 күнді құрамақ.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Алматы емханаларындағы екпенің көтерме бағасы 17.500 теңгені құраса, онда министрлік екпе құнының орта есеппен 19.000 теңге көлемінде болуын қадағаламақ.

Алматыда сатылып жатқан белгиялық "Нименрикс" 1 дозалық екпесі менингококк (Neisseria meningitidis) жұқпасының А, С, W- 135, Y серотобына қарсы салынады. Аталған екпе Алматының екі емханасына жеткізілді.

International Medical Center жекеменшік емханасында екпе салдырту 25.000 теңге, «Фармаком» ЖШС-да екпе құны - 22 320 теңге.

Айта кету керек, Қазақстанда менигококк жұқпасына қарсы екпе ҚР ДСМ бекіткен екпелердің Ұлттық күнтізбесіне кірмейді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір