RU
500 мың теңгеге баласын сатпақ болған алматылық ару жұрттың ашуына тиді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

500 мың теңгеге баласын сатпақ болған алматылық ару жұрттың ашуына тиді (видео)

Рассказать Вконтакте

500 мың теңгеге баласын сатпақ болған 22 жастағы алматылық бойжеткен елді дүрліктірді. Жүкті болып қалған аруды жігіті тастап кеткен деп хабарлайды "Өз ойым" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: krpress.ru

Фото: krpress.ru

Бағдарлама қонаққа келген бойжеткеннің сөзінше, жігітімен бір жыл кездескеннен кейін аяғы ауыр екенін біледі. Алайда сүйгені бұған қуана қоймаса керек, аборт жасатуға ақша беріп, өзін тастап кетді.

"Аяғым ауыр екенін білгенде жігітім жанымда жүріп, бәрі жақсы болатынын айтты. Ал екі аптадан кейін ақша беріп, аборт жасатуымды өтінді. Содан кейін көрмедім. Мен өзім салонда шаш қиямын. Балаға қазір 14 апта. Анализдерім дұрыс, баланың дені сау. Үйде бауырыммен тұрамын. Ол білмейді. Жасырып жүрмін. Балам білінген сәтте жұмысымды басқа қалаға ауыстырып, сол жақта баламды жақсы отбасыға беріп, кредитімді жапқым келеді", - деді Гүлмира.

"Мен баланы еріккеннен сатайын деп жатқан жоқпын. Балама 14 аптада бауыр басып та қалдым. Басымда 500 мың кредитім бар. Оның үстіндегі өсімі күн сайын артып жатыр", - деді ағынан жарылған Гүлмира.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
2
3
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір