Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйді кезіп жүрген елес ұйықтап жатқан әйелді суретке түсіріп алды (фото)

Опубликовано:

Ұлыбританиялық азаматша Дебора Деметриу үйінде елес мекен етенініне сенімді. Оның айтуынша, ол ұйықтап жатқанда белгісіз біреу оны суретке түсіріп алған. Дәл сол сәтте үйде Деборадан басқа ешкім болмаған деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

Ғажайып суретті әйел адам телефонын қарап отырғанда байқап қалған. Оның ұйықтап жатқан суретінің түсірілген уақытысында ол үйде мүлдем жалғыз болғанын еске алады. Мұны аңғарған азаматшаның зәресі ұшып, енді үйінде бір өзі ғана қалып қоюға да қорқып қалды.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

Адам сенгісіз жағдай Дебораны бірәз әбігерге салды. Ол ұйықыдан оянған сәтінде ұялы телефоны қалайша жастықтың астында болғанын да әйел адам түсіндіре алмаған. Ол бұл құбылысты үйінде мекендеп жүрген елеске сілтейді.

Өзінің басынан өткен оқиғасымен интернет желісінде бөліскен Дебораға көпшілік қолдауын көрсетіп, дереу полицияға жүгінуге кеңес берген. Алайда әйел адам бұл түсініксіз құбылыстың себеп-салдарын өздігінен анықтап көруге бел буған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1735449-jdi-kezip-zrgen-eles-jyktap-zatkan-jeldi-suretke-tsirip-aldy-foto/

pixel