RU
Тиматидің көңілінен шыққан шымкенттік келіншек кім? (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Тиматидің көңілінен шыққан шымкенттік келіншек кім? (фото)

Рассказать Вконтакте

Танымал Blаck Star лейблының қатары талантты қазақ аруымен толықты. Көпшіліктің айтқаны келіп, Тиматидің көңілінен шыққан Назим Жәнібекова енді ресми түрде танымал продюсерлік орталықпен келісімшартқа отырған. Өнерімен талай тыңдарманды өзіне баурап алып, танымал продюсерді өзіне қарата алған қазақстандық әнші енді ресейлік шоубизнеске нық қадам басты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: tengrinews.kz

Фото: tengrinews.kz

Шымкенттің тумасы Назима Жәнібекованы Ресейдегі әншілер байқауынан көргенде қазақстандықтардың барлығы оның ән орындау шеберлігіне тәнті болған.

Оның алғашқы кезеңде айтқан "Мамасита" әні бірден интернет кеңістігін жаулап алып, қайта-қайта тыңдай беретін хитке айналды. Тума талантты бірден байқаған әйгілі Тимати бойжеткенді бағдарлама аясында өз қанатының астына алды.

Фото: tengrinews.kz

Фото: tengrinews.kz

Бастапқыда тек хип-хоп және рэп жанрында ән айтқаны үшін біраз сын естіген қазақстандық азаматшаның шын мәніндегі зор дауысын көпшілік уақыт өте тамашалаған болатын.

Назим Жәнібекова бағдарламадағы бірінші күннен бастап-ақ өзін мықты қатысушы ретінде көрсетті. Оны қолдайтын жанкүйерлер қатары да күннен күнге көбейе бастаған.

Кзеңнен кезеңге өткен шымкенттік аруға барша Қазақстан жұрты уайымдап, өз дауысын беріп жатты. Алайда, көптің қалауына айналған отандық әнші ақтық сында үздік бола алмады, жеңіс өзбек жігіті Терриге бұйырды.

Өзінің жеңілісіне Назиманың көңілі мүлдем қаяу түспеді.Оның айтуынша, байқау барысында алған тәжірибе маңыздырақ болған.

Фото: tnt.ru

Фото: tnt.ru

"Бұл жоба аясында мен тәжірибем мен шеберлігімді шыңдап қана қоймай, кәсіби әншілермен өзара пікір алмастым. Көп нәрсе үйрендім. Ең бастысы жаңа адал достар таптым", -деп айтқан болатын шымкенттік бойжеткен.

Назиманың финалда орындаған "Беги" атты әні талай адамды тебіреткені сөзсіз. Өйткені бұл ән, сүйіктісімен ажырасып кеткен қазақ қызының өмірінен сыр шерткен. Ақтық сында ішкі жан дүниесімен бөліскен әншіні тіпті Тимати ең үздік әрі мықты деп мақтады.

Фото: Stapico.ru

Фото: Stapico.ru

Жоба барысында шымкенттік қызды мақтаумен болған продюсер, жарыс аяқталған соң өз қол астында болған үш бірдей әншіге келісімшарт ұсынған. Ол әртістер арасында отандасымыз Назима Жәнібекова да бой көрсеткен. Енді ол ресми түрде Black Star командасының мүшесіне айналды.

Бұл туралы Тиматидің өзі Instagram парақшасына хабарлап жариялаған болатын.

"Бүгіннен бастап ресми түрде. Біздің команда қатары бір топ кәсіби әншілермен толықты. Бізге жаңа дем келді.Құттықтай берсеңіздер болады" , - деп жазған ол.

Қазақстандық шоубизнесте жолы болмаған аруды ресейліктер құшақ жая қарсы алған. Соған орай, қазақстандық әнші жақын арада көрші елге қоныс аудармақ. Енді оның тікелей әріптестері Егор Крид, Мот, Натан, Скруджи секілді бірегей танымал ән орындаушылар болады.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
1
16
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір