RU
Өткен демалыс күндері 750 отбасы BI Group холдингінен жаңа пәтерге ие болды
Жаңалықтар Қоғам

Өткен демалыс күндері 750 отбасы BI Group холдингінен жаңа пәтерге ие болды

Рассказать Вконтакте

Өткен демалыс күндері 750-ден астам отбасы Астанада жаңа пәтерлерінің кілтіне ие болды. BI Group компаниясының бірден үш тұрғын үй кешені қоныстойын тойлады – «Қамал», BI City Seoul және Nova City шағын ауданының екі кезегі. Бұлардың әрқайсысын білдей шағын аудан теп атауға болады.

Өткен демалыс күндері 750 отбасы BI Group холдингінен жаңа пәтерге ие болды

ТҮК BI City Seoul

«Қамал» тұрғын үй кешенінің осымен 4-кезегі салынып бітті. Соңғы бесінші кезекті тапсыру осы жылдың қыркүйек айына жоспарланған.

Өткен демалыс күндері 750 отбасы BI Group холдингінен жаңа пәтерге ие болды

ТҮК Камал

"Комфорт санаттағы тұрғын үй жоғары санатта үйлердің артықшылықтарына ие, бұл спорт және ойын алаңдары бар үлкен үй ауласы, кіреберістердің дизайны, көріктендірілген аула, лоджия әрлеуіндегі «мюнхендік сылақ», тәжірибе көрсеткендей ол құбылмалы ауа температурасы мен ылғалға өте төзімді", - дейді жоба жетекшісі Қайрат Қуанышпаев.

Астанадағы Хан-Шатыр сауда орталығы ауданында әлемдік сәулеттің ең үздік стильдерін көрсететін тұтас BI CITY шағын ауданы салынуда. BI City Seoul сегіз кезектен тұрады – бұл 1533 пәтер, оның 886-ы әлдеқайда тапсырылып қойған. Қалған 647 пәтер жыл соңына дейін салынып бітеді. Алдағы уақытта шағын ауданға BI City Tokyo тұрғын үй кешені қосылады. Шағын аудан тұрғын үй кешендерден, бизнес орталықтардан, спорт және ойын-сауық аймақтарынан, жасыл саябақтан, оған көрші тұрғын үйлермен композициялық тұрғыда біріктірілген «Зеленый квартал» тұрғын үй кешенінен, оның көркі болып табылатын жасанды көл мен Green Mall сауда ойын орталығынан тұрады.

Өткен демалыс күндері 750 отбасы BI Group холдингінен жаңа пәтерге ие болды

ТҮК BI City Seoul

"Клиенттерімізді құттықтаймыз, үй өмір сүру үшін өте жайлы, ауланың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жерасты паркингі бар – әрі көліктерден қоршалған жабық аула. Барлық әрлеу жұмыстары аяқталды, материалдардың барлығы сапалы әрі заманауи, үйге кіргеннен-ақ үйдің сапасы мен санатының жоғары екені білінеді, кіреберістің дизайнымен кәсіби мамандар айналысты, интерьерден заманауи азиялық стильді байқайсыз", - деп жобаның ерекшеліктері туралы учаске бастығы Ілияс Махамбетов айтып берді.

Өткен демалыс күндері 750 отбасы BI Group холдингінен жаңа пәтерге ие болды

ТҮК Nova City

Демалыс күндері 316 пәтер Nova City шағын ауданында тапсырылды. Тұрғызылған кешеннің 12 және 13-кезегі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Самұрық – Қазына» жылжымайтын мүлік қорымен бірге жүзеге асырылған үлкен бағдарламасын аяқтайды. Бұл келісімшарт 12 кезек, тұтас шағын аудан салуға мүмкіндік берді, ал бұл 2105 пәтер мен 30 кеңсе орны. Тұрғын үй массивінің ерекшелігі – оның ЭКСПО ауданында орналасқандығында, сондай-ақ оның құрылысына қолданған жоғары сапалы материалдар мен заманауи технологиялар.

Бұл жоба бұқара халықты сапалы әрі қолжетімді тұрғын үймен қамтамамыз етуде мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің тиімді үлгісін көрсетті. Ұлттық әл-ауқат қорымен ынтымақтастық аяқталғанымен, шағын ауданның құрылысын Otau Development Group компаниясы одан әрі жалғастыратын болады.

Өткен демалыс күндері 750 отбасы BI Group холдингінен жаңа пәтерге ие болды

ТҮК BI City Seoul

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel