RU

Диабет пен гепатитті еліміздегі маңызы бар аурулар тізімінен алып тастауы мүмкін

Тегін медициналық көмек көрсетілетін әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімін қысқарту ұсынылды. Бұл туралы Қазақстан Денсаулық сақтау министрінің бұйрығында айтылған деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Medic.ua
Көрнекі фото: Medic.ua: UGC

Жаңа редакцияға сәйкес, 13 пункттің орнына тек төрт пункт тізімде қалатын болады. Атап айтсақ, туберкулез, АИТВ (ВИЧ), қатерлі өскіндер, психикалық ауытқушылықтар мен мінез-құлықтың бұзылуы.

Созылмалы вирусты гепатит, қант диабеті, балалар милық салдануы, асқынған миокард инфаркті, ревматизм, орфандық дерттер мен жүйке жүйесінің ауруларын тізімнен алып тастау ұсынылды.

Бұйрықты қоғамдық талқылау 2018 жылдың 6 маусымында бітпек.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1735463-diabet-pen-gepatitti-elimizdegi-mayzy-bar-aurular-tiziminen-alyp-tastauy-mmkin.html