RU
Жекпе-жекке екі күн қалғанда Данияр Елеусіновтің қарсыласы өзгеріп кетті
Жаңалықтар Қоғам

Жекпе-жекке екі күн қалғанда Данияр Елеусіновтің қарсыласы өзгеріп кетті

Рассказать Вконтакте

Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегінде қарсыласы ауысты. Анықталғандай, отандық боксшымен жұдырықтасуы тиіс болған Габор Горбич жаттығу кезінде жарақаттанып қалған. Енді оны өзге венгриялық спортшы алмастырмақ деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Алтыншы мауысым күні өтетін жекпе-жекте Данияр Елеусінов жоспарланғандай венгриялық Габор Горбичпен (24-11, 14 КО) емес, оның отандасы Золтан Шабомен (23-11, 10 КО) жұдырықтасатын болады.

Мұндай алмасу Горбичтің жарақат алып қалуына орай іске асырылды. Оның орнына рингке өзінің отандасы әрі мықты боксшылардың бірі Золтан Шабо шығатын болды.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Бұл спортшының кәсіпқой бокста өткізген жекпе-жектер саны да аз емес. Биылдың өзінде венгриялық боксшы алты кездесу өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жеткен. Оған қоса, жалпы кәсіби әлемде өткізген 23 жекпе-жегінің онын венгриялық боксшы нокаутпен аяқтады.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 28 сәуір күні Нью-Йорк қаласында өткізген болатын. Үшінші раунд барысында отандық спортшы өзінің қарсыласын Ноа Кидты нокаутқа жіберді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
2
0
7
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір