RU
Ұлының тойына екі тонналық торт жасатқан бизнесмен Түймебаевқа ұнап қалды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ұлының тойына екі тонналық торт жасатқан бизнесмен Түймебаевқа ұнап қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Ұлының тойында қонақтарға салмағы 2 тоннаны құрайтын алып торт тарту етіп, күллі елді таң қалдырған шымкенттік кәсіпкер ОҚО әкімінің қолынан марапат алды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Мапрапаттау сәті. Фото: NUR.KZ

Мапрапаттау сәті. Фото: NUR.KZ

Қазақстандық қалталы азаматтардың елулігіне енген шымкенттік олигарх Серікжан Сейтжановтың ұлы Бауыржан Сейтжанов ОҚО басшысы Жансейіт Түймебаевтың марапат қағазына ие болды.

Бүгін Шымкент қалалық мәслихат депутаттарының бір ауыздан мақұлдауымен шаһардың мегаполис қала мәртебесін алу құжатына қол қойылды.

Маңызды басқосуға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев тұрғындарды құттықтап, қаланың әлеуметік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін бірқатар азаматқа марапат табыс етті. Қалалық мәслихат депутаты Бауыржан Сейтжанов грамотаға осы бір еңбегі үшін ие болды.

Торт. Фото: әлеуметтік желі

Торт. Фото: әлеуметтік желі

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың қарашасында Шымкентте өткен үйлену тойы елдің қызу талқысына түскен болатын.

Басты себеп - жас жұбайларға сыйлық ретінде жасалынған алып торт. Зәулім сарай пішініндегі торттың салмағы - 2 тонна.

Дүркіреп өткен шымкенттік тойда қонақтарға ұсынылған торттың құны Гарри ханзаданың тойындағы тортты шаң қаптырғаны белгілі.

Ол 179 мың доллар тұратыны айтылды. Көпке дейін ел аузында жүрген бұл үйлену тойындағы күйеу жігіт - депутат Бауыржан Сейтжановтың ұлы.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
21
2
2
0
0
6
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір