RU
Серхио Рамос "Ливерпуль" қақпашысының миын шайқап жіберген (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Серхио Рамос "Ливерпуль" қақпашысының миын шайқап жіберген (видео)

Рассказать Вконтакте

"Ливерпуль" қақпашысы Лорис Карриус Чемпиондар лигасының ақтық кездесуін бас-сүйек жарақатын ала тұра жалғастыра беруге шешім қабылдаған. Футболшыға мұндай ауыр жарақатты онсыз да халық жауына айналып үлгерген мадридтік команда капитаны Серхио Рамос жасаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

26 мамыр күні өткен финалдық ойында англиялық "Ливерпуль" "Реал Мадридтен" 1:3 есебімен жеңіліп, Еуропа чемпионы атағымен біржола қош айтысқан болатын.

Кездесудің нәтижесіне бірден-бір себепкерлер ретінде екі футболшы анықталған. Серхио Рамос пен Лорис Карриустің ойыны көпшілік жанкүйерлердің ашуын келтіргені сөзсіз.

Бірі әйгілі Салахты жарақаттағаны үшін жұрттың қаһарына іліксе, екіншісі сәтсіз ойын көрсетіп, өрескел қателіктерге бой алдырғаны үшін аямай сыналып жатты.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Мадридтік "Реалдың" капитаны тіптен нағыз халық жауына айналып шыға келді десек артық айтпаймыз. Испаниялық футболшыға енді Мысыр еліне тіптен кіруге рұқсат жоқ. Себебі Салахтың отаны оны елге кіргізілмейтін адамдардың қара тізіміне енгізіп қойған.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Енді Рамостың хейтерлер саны тағы да бір мәрте көбейе түспек. Өйткені, күні кеше Карриустың белгілі болған медициналық тексеріс нәтижелері оның бас сүйек-ми жарақатын алғанын анықтаған. Бұл жарақаттың себепкері де дәл сол Серхио Рамос болып шықты.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Испаниялық ойыншы екінші таймның басында "Ливерпуль" қақпашысын шынтағымен соғып жіберген көрінеді. Мұны естіген футбол жанкүйерлері Карриустың қателіктері оның алған ми жарақатының нәтижелері деп санауда.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel