Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мысығының қорлық көргеніне шыдамаған әйел күйеуін атып өлтірді

Опубликовано:

Американың Даллас қаласының тұрғыны мысығын ұрғаны үшін өз күйеуін өлтіріп тастады деп хабарлайды lenta.ru сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Dallas Police
Фото: Dallas Police: UGC

Күйеуі оқ жарақатынан қайтыс болғаннан кейін 47 жастағы Мэри Харрисон қамауға алынған болатын. Басында әйел полиция қызметкерлеріне мысықты ұрғаны үшін күйеуімен ұрысып қалғанын айтқан. Кейін күйеуінің ерсі қылығы үшін өзі атып өлтіргенін жеткізді.

Көршілердің айтуынша, жақында әйел мысығының жоғалғаны туралы хабарландыру ілген болатын. Кейін мысықты белгісіз біреулер қайтарып берген.

Мэри тұтқындалды, бірақ ол 100 мың доллар кепілдік беріп, абақтыдан босап шыға алады. Техас штатында осындай қылмыс жасаған адамдар өмір бойына абақтыға қамалуы мүмкін.

Оқиғаның қалған мән-жайы әлі анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1735477-mysygyny-korlyk-krgenine-sydamagan-jel-kjeuin-atyp-ltirdi/

pixel