RU
Астана мешітінде болған жағдайды танымал журналист түсіндіріп берді
Жаңалықтар Қоғам

Астана мешітінде болған жағдайды танымал журналист түсіндіріп берді

Рассказать Вконтакте

Белгілі журналист және тележүргізуші Асаубек Айымбетов Астанадағы Хазрет Сұлтан мешітінде қарт әжейді жұлқылап, шығып кетуін талап еткен діни қызметкерлердің әрекетін сынға алған болатын. Ал бүгін мешіттің имамдары журналистке хабарласып, әжейден кешірім сұрағандарын айтқан деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Әжей. Фото: Отзовик Магнитогорск

Әжей. Фото: Отзовик Магнитогорск

Бұл жайында Асаубек Айымбетов Instagram парақшасында мәлімдеді.

"Бүгін Әзірет сұлтан мешітінде болдым. Мешіттің наиб-имамдары, ағаларым болған жағдайды тәптіштеп түсіндіріп, мысал да келтірді. Мен түсіндім жағдайды. Ол әжей мешітте үнемі ас ішеді екен. Сол күні сондай бір ыңғайсыз жағдай болып қалыпты. Ол жердегі әкімгер де, даяшы да, барлығы да еріктілер де тегін қызмет етіп, қонақтардың көңілін аулап жүреді екен. Алланың разылығы үшін, қасиетті айда адамдарға жақсылық жасасам деп жүрген замандастарым екен.

Бұл әңгімені әрі қарай өрбіткім келмейді. Екі тарап бір-бірімізді түсіндік. Әжей аман-есен. Тегін тамақтанып, Алла үйінде жүр", - деді журналист.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Астанадағы бас мешітте ауызашарға келген әжейді мешіт қызметкерінің жұлқылағаны жайлы жариялаған болатынбыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
1
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel