RU
80 жасында күреспен айналысқан әжей көпшілікті таңдай қақтырды (видео)
Жаңалықтар Әлемде

80 жасында күреспен айналысқан әжей көпшілікті таңдай қақтырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Түркия азаматшасы Айтен Алаташ 80 жасқа келгенде дзюдо спортымен айналысуға шешім қабылдаған. Кеш болса да күресу шеберлігін кәсіби деңгейде шыңдамақ болған әжейге түркиялық билік ресми түрде жарыстарға қатысуға өз рұқсатын берген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Facebook

Фото: Facebook

Айтен Алаташтың дзюдоға деген қызығушылығы немересінің жарыстарына барып тамашалағаннан кейін туындаған. Біраз сырттай бақылап жүрген әжей қартайған шағында күреспен айналысуға түбегейлі шешім қабылдайды.

Бүгінгі күні Айтен Алаташ жас жеткіншіктермен бірге жаттығу жасап, өз шеберлігін шыңдап жүр. Ол тіпті жас ерекшелігінен мүлдем жасқанбайды. Қарт әженің қайсарлығы мен батылдығына барлық бапкерлер ұжымы мен жас дзюдошылар тәнті болуда.

Айтен Алаташ Түркияның спорт қауымы тарапынан үлкен мәртебеге ие болуда.

Болашақта жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алу - әжейдің басты мақсатына айналған.

"Бұл спорт түріне немеремнің арқасына бет бұрдым. Бұған дейін тек жаттығуларына келіп жүріп, неге өзім айналыспасқа деген ой туындады. Оған қоса, дзюдоның арқасында денсаулығым да жақсарып, денем шынығып қалды", - дейді Айтен Алаташ.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір