RU

Астанада аударыспақ пен теңге ілуден Азия чемпионаты өтті

Елордамыздың 20 жылдығы аясында Астанада маусымның 1-2 күндері Теңге ілуден ІІ және Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионаты өтіп, оған бірқатар мемлекеттен өтінім берген мықты спортшылар өзара бақ сынаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінің төрағасы Халил Ахмед Хан, комитеттің үйлестірушісі Марселлин Дэлли және комитетің хатшысы Шамми Рана бастаған өкілдер дәл осы іс-шараны сырттай бақылап, баға беруі үшін арнайы келді.

​Екі жақты келіссөздер қалай өтті? Қос Азия Чемпионатында қай мемлекеттің спортшылары басым түсті? Аударыспақтың Алтын белбеуі кімге бұйырды? Осы сұрақтардың жауабын фоторепортаж арқылы ұсынғанды жөн көрдік.

1. 31 мамыр. «Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы». ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитеті басшылығын ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығы басшылығы күтіп алған сәт.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

2. Ұлттық музей. Аталмыш Комитет өкілдері ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлы және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханмен жүздесіп, әлемдік этноспорт тақырыбында келіссөздер жүргізді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Шара аясында ЮНЕСКО, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, ЮНЕСКО өкілдерінің Азия чемпионатына қатысатын 9 мемлекет командаларының жетекшілерімен, еліміздегі ұлттық спорт және спорттың жетекші мамандарымен «Этноспортты дамыту және насихаттау» тақырыбындағы семинар-кеңесі тыңдалды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

3. 1-маусым. «Қазанат» атшабары. Шара салтанатты түрде ашылған соң, Теңге ілуші спортшылардың бәсекесі басталды. Жүйрік атпен құйғыта шапқан бетте көз ілеспес шапшаңдықпен түйіншектегі теңгелерді бірінен соң бірін іліп алған жігіттер ипподромға жиналған жанкүйерлерді бір серпілтіп тастады.

4. 10 спортшы сарапқа салған Теңге ілуден ІІ Азия чемпионаты жүлделерінің екеуін қазақстандық шеберлер жеңіп алды. Алтын медаль мен 1 500 000 теңге сыйлық жас саңлақ Мағжан Сапарбекке бұйырды. Күміс жүлде мен 700 000 мың теңге сыйлықты Ғалымжан Ізжанов иеленді. Қола жүлде мен 500 000 теңге сыйлықты Қырғызстан спортшысы Амантур Минуур уулы қанжығасына байлап кетті.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

5. Теңге ілуден соң Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионатының жүлдесі де 9 мемлекет командалары арасында сарапқа салына бастады. Бүгін 60 және 70 келі салмақтағы балуандардың сайысы тамашаланды. Азияның тақымы тастай, құрыш білекті, түкті жүректі жігіттері ат үстіндегі жекпе-жекте алуан әдіс, сан тәсілге салып бақты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

6. 60 келі салмақта қарсыластарын бет қаратпай жеңген ақтөбелік жас балуан Азамат Серғазин Аударыспақтан ІІІ мәрте өткен Азия чемпионатының чемпионы атанды. Ал, Қазақстанның аударыспақ құрама командасының тағы бір мүшесі, ақтөбелік Шыңғысхан Ержанов 70 келі салмақта Теңге ілуден ІІ Азия чемпионатының чемпионы болды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

7. Кешке ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығы шет елден келген меймандарға дастархан жайып, Қасиетті Рамазан айында ауызашар берді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

8. Бұл тұста Қауымдастықтың атқарушы директоры Рахат Жақсыбай құрметті қонақтарға Чемпионаттың өту барысында қылқалам шеберлері салып үлгерген картиналарды сыйға тартты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

9. Комитет төрағасы Халил Ахмед Хан өз кезегінде қос Азия Чемпионаты жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын, сондай-ақ, шет ел спортшылары үшін Қазақстан тарапынан барлық қажетті жағдайдың жасалғанын атап өтті.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

10. 2-маусым күні «Қазанат» атшабарында Аударыспақтан ІІІ Азия Чемпионаты әрі қарай жалғасын тапты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

11. Жанкүйерлер өте белсенді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

12. Оңтүстіктің оғландары Біржан Қосалиев пен Сырым Ізбасаров үш дүркін Азия чемпионы атанды. Оңтүстіктің тағы бір саңлақ ұлы Есімхан Рахматілла 80 келі салмақта Азия чемпиондығына қол жеткізді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

13. Сонымен қатар, ақтөбелік бапкер Абат Аймағанбетовтың үш шәкірті қатарынан жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, 60 келі салмақта Азамат Серғазин, 70 келі салмақта Шыңғысхан Ержанов халықаралық додаға алғаш рет қатысқандарына қарамастан, қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтып, Азия чемпионатының алтын медальін иеленді.

14. Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионатының жаңалығы – Арман Сағынбаев болды. Азияның абсолютті салмақтағы бәсекесінде ақтөбелік бапкер Абат Аймағанбетовтың шәкірті Арман Сағымбаев түйе балуан атанды. Ол 2 миллион теңге сыйлықты қанжығасына байлады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

15. Жеңімпаздарды марапаттау сәті.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1735521-astanada-audaryspak-pen-tege-iluden-azia-cempionaty-tti.html