RU
Көк базарды аралап жүрген Мақпал Жүнісоваға тұрғындар таң қалды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Көк базарды аралап жүрген Мақпал Жүнісоваға тұрғындар таң қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Көк базарды аралап жүрген Мақпал Жүнісованы көргендер таңғалғандарын жасыра алмады. Халықтың ерке қызын көрген тұрғындар мен саудагерлер әншімен жарыса суретке түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова. Фото: Алаш айнасы

Мақпал Жүнісова. Фото: Алаш айнасы

Бұл видеоны әншінің өзі Instagram парақшасына салып қойды.

Мұны көрген желі қолданушылары ризашылықтарын білдіріп, әншінің қарапайымдылығына тәнті болды.

"Керемет. Мақпал апай, қарапайым жансыз ғой", "Келесі келгеніңізде айтыңызшы, біз де сізбен жүздескіміз келеді", "Сатушылардың таңданысында шек жоқ", "Халықтың қызы деп бекер айтпайды ғой сізді", "Осы ақжарқын күлкіңізден таймаңыз", "Халықтың сый-қошеметіне бөленіп, аман-есен жүре беріңіз".

"Көкірек керіп, тәкаппарлық таныту деген жоқ қой, сізде", "Осы қарапайымдылығыңыз үшін жақсы көреміз ғой" деген оқырмандар жылы лебізін білдірді.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
1
2
2
22
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір