RU
Министр Біртанов менингит кесірінен екі жақынынан айырылған әйелмен кездесе ме?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Министр Біртанов менингит кесірінен екі жақынынан айырылған әйелмен кездесе ме?

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы облысында менингиттен екі бірдей жақынын жоғалтқан әйелмен кездесуі туралы айтып берді деп жазады NUR.KZ

Фото: Liter.kz

Фото: Liter.kz

"Біз ауырып қаза тапқандардың жақындарына қайғыра көңіл айтып, барынша олармен кездесуге тырысамыз", - деді министр.

Айта кетейік, бүгін Біртанов менингококк инфекциясының белең алуына байланысты Алматы және Алматы облыстарына баратынын мәлім еткен болатын. Ол "жедел жәрдем" қызметіне қатысты түскен шағымдармен жұмыс істейміз деп отыр.

Оған қоса, Елжан Біртанов өз жұмысына қатысты сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқан сынына жауап берді.

"Бұл жұмыста халыққа түсіндірме жүргізу жағынан баяулық танытылып жатқанын мойындаймыз. Біз әлеуметтік желі арқылы жұмыс істеуді үйреніп жатырмыз және барлық ресурсты қолданбаймыз", - дейді министр.

Елімізде менингитке шалдығып мерт болғандар мен аурудың таралу деңгейі туралы мына жерден оқыңыз.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
3
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel