RU
Алматыда менингиттен көз жұмған жігіт оразасын бұзбау үшін дәріден бас тартқан
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда менингиттен көз жұмған жігіт оразасын бұзбау үшін дәріден бас тартқан

Рассказать Вконтакте

Жұқпаны таратушы адаммен екі-үш сағаттай тікелей қарым-қатынаста болған адамның ауырып қалу қауіптілігі жоғары деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: Новости Усть-Каменогорска и ВКО

Көрнекі фото: Новости Усть-Каменогорска и ВКО

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қайтыс болған 27 жастағы өрт сөндіруші Олжас Сүлейменов жайлы айтты.

Оның айтуынша, ер адам ораза ұстап, ауыз бекіткен және дәрігерлердің жазып берген дәрі-дәрмектерін ішуден бас тартқан.

Үйіне шаршап келген оны туыстары мазаламаған. Кейін ол ұйықтап қалған, бірақ оны құтқару мүмкін болмады.

"Адам ауырмай, бірақ ауруды таратушы болуы мүмкін. Назофарингит - ауырлығы орташа, тіпті жеңіл дерлік аурудың түрі. Ол өлім шақырмайды, алайда мұрын қуысынан қанға шығып, сепсис тудыруы мүмкін. Ол кезде гипоксия пайда болады. Біздің ауырған пациенттеріміз осыдан қайтыс болды", - дейді ҚазҰМУ жұқпалы аурулар кафедрасының орынбасары Амангүл Дүйсенова.

Дәрігерлер аурудың белгілері пайда бола бастаған кезде міндетті түрде дәрігер не жедел жәрдемді шақыруға кеңес берді. Себебі бұл ауру қарапайым тұмау секілді көрініп, жасырынуы мүмкін.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
3
4
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір