RU
Түркістанда апатқа ұшыраған көлік жүргізушісі тірідей жанып кетті (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Түркістанда апатқа ұшыраған көлік жүргізушісі тірідей жанып кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Түркістанда жол бойында апатқа ұшыраған автокөлік жарылды. Қас пен көздің арасында отқа оранған темір тұлпардан шыға алмаған жүргізушісі тірідей жанып кеткен деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Түркістанда

Көрнекі фото

Оқыс оқиға кезінде Ауди көлігі ауыр жүк көлікпен соқтығысқан. Қатты соққыдан көлік бірден отқа оранған. Бірер минут өтпей жойқын жарылыс болыпты.

Өрт сөндірушілер жеткенше көліктің түгі қалмай жанып кеткен. Машинадан шыға алмаған күйі бақилық болған жүргізушінің кім екені әлі анықталған жоқ.

" 04.06.2018 ж сағат 22.35-тер шамасында Түркістан қаласы Б. Саттарханов даңғылында жол апаты орын алған. Мұнда Ауди және Foton жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көліктегі жүргізуші қаза тапты. Өрт 10 минутта оқшауланып, 20 минуттың ішінде толық сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда", - деп хабарлайды ОҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
3
1
18
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір