RU
Елімізге танымал хит әндердің авторы ота жасатып, пышақ астына түспекші
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Елімізге танымал хит әндердің авторы ота жасатып, пышақ астына түспекші

Рассказать Вконтакте

Үш рет тұрмыста болған 200-ге тарта хит әндердің авторы Құрманай Бақтиярқызы өз келбетіне көңілі толмайтынын айтып, мүмкіндік болса мұрнына ота жасататынын жасырмады. Танымал ақын бұл жайында NUR.KZ порталының жаңа жобасы "Ойбай Life" бағдарламасында айтып берді.

Құрманай Бақтиярқызы. Фото: Qazaq radiosy

Құрманай Бақтиярқызы. Фото: Qazaq radiosy

Құрманай Бақтиярқызы мұрнын өзгертіп, артық салмақтан арылғысы келетінін де мәлімдеді.

"Мұрнымды өзгерткім келеді. Артық салмағымнан арылып, арықтағым келеді. Мұрныма отаны Өзбекстанда жасатамын. Ол жақта да қазір арзан дүние жоқ. Мұрынға жасалатын пластикалық ота құны 1000 доллардан асады.

Аздап арықтағым келеді. Бірақ біздің жасымызда, мынадай денсаулықпен азудың өзі қиындап кетті. Негізі көп нәрсемді өзгерткім келеді. Ақкөңілділігімді, тегін ән жаза беретін қасиетімді өзгерткім келеді", - деп ағынан жарылды ақын.

Ал сіз Құрманай ханымға ота жасатудың қажеттілігі бар деп есептейсіз бе?

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
4
3
2
2
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір