Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көк тудың үстіне жатуға болмайды": Байрақпен суретке қалай түсу керек?

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінде көк байрақпен қалай дұрыс суретке түсу керектігін айтты деп хабарлайды ztb.kz сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жанна Қабдолдақызы. Фото: ALTAYNEWS
Жанна Қабдолдақызы. Фото: ALTAYNEWS: UGC

Департамент басшысы Жанна Қабдолдақызының айтуынша, кез келген адам көк тумен суретке түскен кезде оны мемлекетіміздің нышаны екенін ұмытпауы керек.

Түрлерін тыжырайтып, тілін шығарып немесе тудың үстіне жатып-тұрудың қажеті жоқ.

Осының барлығы мемлекеттік туға деген құрметсіздік болып саналады және осындай әрекеттер үшін әкімшілік жаза тағайындалып, айыппұл төлеуі мүмкін.

Жанна Қабдолдақызының айтуынша, олар әлеуметтік желілерді үнемі саралап, бақылап отырады екен. "Бізде, мысал үшін, бір кісі үйінде туды жайып қойып, соған жатқан жағдайы болған. Бұл, әрине, дұрыс емес", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1735541-kk-tudy-stine-zatuga-bolmajdy-bajrakpen-suretke-kalaj-tsu-kerek/

pixel