RU
Күрделі ота кезінде гитарада ойнаған ер адам көпшіліктің зәресін ұшырды (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Күрделі ота кезінде гитарада ойнаған ер адам көпшіліктің зәресін ұшырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Үндістандағы Бангалор қаласында ауруханалардың бірінде жүргізілген ота кезінде науқас адам гитарада ойнап, ұялы телефонын қолданып отырды. Денсаулық қауіпсіздігіне қарама-қайшы келетін әрекеттерді жасауға дәрігерлердің өздері рұқсат берген деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Дәрігерлердің мұндай қылығына заманауи ота жасау технологиясы түрткі болды. Өйткені операция кезінде науқас саусақтарының сезімталдығын қадағалап отыру мұқтаждығынан олар оған гитара мен ұялы телефон ұстатқан.

31 жастағы музыкант Таскин Ибна Али сирек кездесетін ауруға шалдыққан болатын. Оның саусақтары өз еркінен тыс қозғала береді. Оған қоса саусақтар сезімталдығы өте төмен деңгейде болған.
Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Үндістанның аса мықты дәрігерлері бас қоса, Бангалор қаласында күрделі ота жасауға бел буған. Бхагаван Махавир Джайн ауруханасында біріккен мамандар саусақ сезімталдығына операция жасау үнді медицинасында өте сирек кездесетінін айтты.

Таскин Ибна Алиге істелінген ота кезінде, дәрігерлер оперцияның дұрыс немесе бұрыс бағытта жүріп жатқанын тексеру үшін оның саусақтарының сезімталдығын сынап көрді. Олар науқастың қолына гитара ұстатып, артынша ұялы телефонды қолданып көруді талап еткен.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Операция кезіндегі дәл осы сәттерді видеоға түсірген медицина қызметкерлері оны желіге жүктеп жіберген. Науқастың әрекеттерінен бастапқыда бейхабар болған көпшілік оның қылығынан шошып қалып, артынша дәрігерлердің заманауи технологияларының дамуына өз оң пікірлерін білдірді.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Таскинге жасалынған ота сәтті аяқталып, енді оның саусақтарының қимыл-қозғалысы толығымен өзіне тәуелді болған.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel