Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстандағы қандықол қылмыскер Шымкентте шашлык пісіріп жүрген

Опубликовано:

Өзбекстанда адам пышақтаған күдікті Шымқалада кафеде шашлык пісіруші болып жұмыс істеген. Қылмыскер азаматты қолға түсірген шымкенттік полицейлер сыйақы талап еткен көрінеді. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабаралйды.

Кісі өлтіріп, қашып кеткен өзбек жігіті Шымкентте шашлык пісіріп жүрген
Кісі өлтіріп, қашып кеткен өзбек жігіті Шымкентте шашлык пісіріп жүрген: UGC

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотында қызметін асыра пайдаланды деген айыппен үш полиция қызметкеріне қатысты сот процесі басталды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында 30 жастағы өзбекстандықтың өз отандасын пышақтап қашып кеткені туралы Өзбекстан Республкасының ішкі істер органдарынан Қазақстан тарапына іздеу жариялау туралы хабарлама келіп түскені мәлім болды

ІІМ өзбекстандық азаматқа халықаралық іздеу жариялаған. Қазақстанның барлық ІІД мен полиция бөлімдеріне іздеу туралы ақпарат таратылады.

Шынында да кісі өлтірген өзбекстандық жалған құжатпен Шымқаланың мейрамханасына шашлык пісіруші болып жұмысқа тұрғандығы анықталған.

Шымкенттің полиция қызметкерлері оны тауып, құрықтаған. Алайда, ұсталған азаматты "Өзбекстанға экстрадациялап жібереміз" деп қорқытып, 1000 АҚШ долларын талап еткен көрінеді.

Дəл осы əрекеттері үшін айып тағылып, тəртіп сақшыларын прокуратура қызметкерлері құрықтаған. Полицейлер өз кінəсін мойындамапты.

Оларға Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 366 бабы, 4-ші бөлігі "Қызметін асыра пайдалану" бабы бойынша айып тағылуда.

Бұл бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, мүлкін тəркілеу, қызметтік лауазымға ие болу құқығынан өмір бойға айыру жазасы кесілуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1735570-zbekstandagy-kandykol-kylmysker-symkentte-saslyk-pisirip-zrgen/

pixel