RU
"Мен олар үшін өмір сүремін": Ақтөбеде терактіден тірі қалған солдат офицер атанды
Жаңалықтар Қоғам

"Мен олар үшін өмір сүремін": Ақтөбеде терактіден тірі қалған солдат офицер атанды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі екі қару дүкені мен әскери бөлімшеге жасалған терактіге биыл екі жыл. Қаскөйлердің қолынан жеті адам қаза тапқан болатын. Сол кездегі солдат Сырым Сүндетов ауыр жарақаттар алғанымен аман қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Александр Крамар, Игорь Серов және Сырым Сүндетов.

Александр Крамар, Игорь Серов және Сырым Сүндетов.

2016 жылдың 5 маусымында Сырым қызметтестері және өзінің бастығымен бірге карауылда тұрған. №6655 әскери бөлімшені басып алмақ болған террористерді қарсы алған да осылар болатын.

Қаскөйлер Сүндетовтің иығы мен аяғына оқ атып, сегіз рет пышақ сұққан. Олар жігіттен қару-жарақтың қайда екенін сұрамақ болғанда, ол тіс жармаған.

Ауыр жарақат салдарынан оның бас миы зақымданды.

Александр Крамар, Игорь Серов және Сырым Сүндетов.

Александр Крамар, Игорь Серов және Сырым Сүндетов.

"Жарақат алғаннан кейін ауруханада жатқаным әлі есімде. Маған ұлттық гвардия бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов келіп: "Өзіңе берік бол! Біз ешкімді жалғыз қалдырмаймыз" деді. Соның тікелей қамқорлығының арқасында мені әскери ұшақпен Астанаға жеткізді", - деп есіне алды әскери қызметші.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Сырым "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталса, бірінші маусым күні алғашқы әскери "лейтенант" атағы берілді. Салтанатты табыстау рәсімі емхананың палатасында өтті.

Александр Крамар, Игорь Серов және Сырым Сүндетов.

Александр Крамар, Игорь Серов және Сырым Сүндетов.

Сырым қуаныштан анасына хабарласып, "Мама, мен енді офицермін!", - деді.

Сөз соңында ол құттықтауға келген офицерлерді, ІІМ басшылығын және Ұлттық гвардия өкілдеріне алғысын білдірді.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel