RU
Күйеуі қолын шауып тастаған әйел өзінің аянышты өмірін баяндап берді (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Күйеуі қолын шауып тастаған әйел өзінің аянышты өмірін баяндап берді (фото)

Рассказать Вконтакте

Ресейлік Маргарита Грачеваның қолын қызғаншақ күйеуі 2017 жылы шауып тастаған. Жарынан қорлық көрген әйел қазір жасанды қол салдырып, ауруханадан үйіне оралған. Ол өзінің аянышты өмірі мен бүгінгі күйге қалай түскені туралы айтып берді деп хабарлайды rambler.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Фото: rambler.ru

Фото: rambler.ru

Қолына жасалған отадан кейін Рита ыстық пен суықты да ажырата алмай қалыпты. Енді ғана біртіндеп емделіп келе жатқан мүшесі қатты ашуланса дірілдеп, өзіне бағынбай кетеді екен.

"Жаңа қолыммен үйдегі шаруалардың барлығын атқаруды қайта үйреніп жатырмын. Енді бұрынғысынша өз бетіммен жұмыс істей алатыныма қуанамын", - дейді ол.

Маргаританың сөзіне сүйенсек, оның күйеуімен болған қорқынышты оқиғасы БАҚ беттерінде тарап кеткен соң, кей адамдар көшеде де танып жатады екен. Оған қоса әлеуметтік желіде танысқысы келетіндер мен кеңес сұрайтындар көп дейді ол.

Бүгінде жәбірленген әйел денсаулығын қалпына келтіріп жүргенде, оның бұрынғы күйеуі тергеушілер алдында жауапқа тартылып жатыр. Дмитрий Грачевтің соты жақын күндері болады деп жоспарланып отыр екен.

Осыған дейін сот алқасы Грачевтің жасаған қанды қылмысына қарамастан, оны ата-ана құқығынан айырмау туралы шешім шығарған еді.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
3
0
1
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel