RU
Алматыда тағы бір студент менингит дертіне шалдықты
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда тағы бір студент менингит дертіне шалдықты

Рассказать Вконтакте

Жаңаөзеннен Алматыға білім қуып келген студенттен менингит белгілері анықталды. Дертті бастапқыда өздігінен емдеп көрмек болған ол ауруханадан бір-ақ шыққан деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: weedworldmagazine.org

Фото: weedworldmagazine.org

Бұл туралы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының төрағасы Талғатбек Бапиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, студент бастапқыда ауруды өздігінен емдемек болған. Алайда, жағдай ушығып кеткен соң ауруханаға жүгінген.

Бүгінгі күні ол Алматының емханаларының бірінде тиісті көмек алып жатыр.

Басқарма төрағасы желіде Алматыдан менингит жұқтырып Жаңаөзенге келіп алған екі қыз жайлы тарап кеткен ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Бұл шындыққа жанаспайтын, жалған ақпарат. Мұндай қауесеттерге сенуге негіз жоқ", - деп айтты Талғатбек Бапиев.

Жалған хабар таратушы ақтаулық емхананың қызметкері болса керек

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда менингиттен көз жұмған бірінші курс студенті жайлы ақпарат берген болатынбыз..

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
1
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel