RU
Астанада қаланың қақ ортасында шашылып жатқан күл-қоқыс тұрғындардың ашуына тиді
Жаңалықтар Қоғам

Астанада қаланың қақ ортасында шашылып жатқан күл-қоқыс тұрғындардың ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Күні кеше ғана редакциямызға Астанадағы Момышұлы көшесінің бойында орын тепкен "Магистральный" тұрғын-үй кешенінің тұрғыны хабарласқан еді. Айтуынша баспана маңындағы аумақ 2000 жылдан бері бос жатып, алаң тұрғындардың "қоқыс лақтыру" орнына айналған екен. Елорданың қақ ортасындағы аудан неліктен қоқысқа толып қалған? Мәселенің анық-қанығына NUR.KZ көз жеткізді.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Есімін құпия сақтауды өтінген тұрғынның сөзінше, "Магистральный" тұрғын-үй кешеніндегі бұл аумақта бұрындары мақта-мата зауыты болған екен. Осыдан жиырма жыл бұрын зауытты ысырып тастаған қала басшылығы аталған аумақты "мүлде ұмыт қалдырған сыңайлы" дейді ашынған азамат.

"Зауыт өз жұмысын тоқтатқан соң, ғимарат қалдықтарын ысырып тастады. Содан бұл жерде мынадай бос орын мен көлшіктер пайда бола бастады. Өкініштісі осымен 7 жылға жуық уақыт бойы қала тұрғындары бұл жерге қоқыс лақтыратын болған. Осы мәселені айтып бармаған жер, баспаған тауымыз қалмады. Құзырлы органдар жердің "жекеге тиесілі екенін, әкімдікті ол аумақты жинауға құзыреті жоқ» екенін айтқан еді. Бірақ енді солай екен деп бұлай қоқыс ортасында отыра беруге болмайды ғой?",-деп налыды қала тұрғыны.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сонымен бірге қала тұрғыны жаз уақытында қоқыс маңындағы қолқа қабатын иістен тұншығып қалуға болатынын атап өтті.

"Бұл жерде бәрі антисанитария. Әсіресе күн қатты ысыған уақытта қатты қиналамыз. Жағымсыз иіс мұрныңды жарады. Ал қоқыста жүрген егеуқұйрықтарды айтсаңызшы? Қаптап толып жүр. Өзім бірнеше рет көрдім", - деді қала тұрғыны.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Десе де, мәселенің мән-жайын білу үшін, қала әкімдігіне хабарласқан едік. Ондағылар "істі өз бақылауларына алып, мәселенің анық-қанығына күн соңына дейін көз жеткіземіз" деп сендірген еді.

Кейін әкімдіктің баспасөз қызметі мамандарынан "қоқыс тасталған аумақтың жекеменшікке тиесілі екенін, соған қарамастан қаланың "Алматы" ауданы әкімдігі қоқысты жинап үлгергенін" білдік.

Әкімдік өкілдерінің сөздерінше "қала тұрғындарын мазалайтын әр мәселеге шаһар билігі бей-жай қарай алмайтын" көрінеді.

"Жекеменшік аумақ болғанына қарамастан "Алматы" ауданы әкімдігі қоқысты жинап тастады. Қала тұрғындарының әр өтінішіне қашан да құлақ асуға әзірміз",-дейді мамандар.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel