RU
Нығматулин қаржы министріне: Ертең қыруар қарызды қалай қайтарамыз?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Нығматулин қаржы министріне: Ертең қыруар қарызды қалай қайтарамыз?

Рассказать Вконтакте

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин шетелден ақша тартып, оны ішкі қажеттіліктерге жұмсайтын министрліктерді сынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нығматулин қаржы министріне: Ертең қыруар қарызды қалай қайтарамыз?

Нығматулин қаржы министріне: Ертең қыруар қарызды қалай қайтарамыз?

Нығматулин атап өткендей, Есеп комитетінің есебіне сәйкес, үкімет бөлімшелері түрлі дөңгелек үстел, концеренция, аудит жүргізу үшін, мамандарды оқыту үшін шет елден ақша тартқан.

"Міне, Есеп комитетінің есебін қарап отырмын: Бақыт Тұрлыханұлы (қаржы министрі – автор ескертп.) сіздің министрлікте шетелден тартылған қарыз салықтық әкімшілеуді реформалауға бағытталған, алайда ақшаны министрлік қызметкерлері департаменттер жұмысының тиімділік көрсеткішін әзірлеуге жұмсаған.

Шамамен қарыздың 14 проценті. Бұл үшін АҚШ пен Еуропа одағынан мамандар тартып не қажеті бар? Бақыт Тұрлыханұлы, қарамағыңыздағы қызметкерлердің жұмысын сізден жақсы кім бағалай алады?!

Тұтас бір аппараттар мен министрліктер отыр, бірақ бәрібір ақшаны процентпен қарызға алып, шетелдік мамандарды тарту керек?! Біз Есеп комитетінен сұраттық, олар бізге бұл қарызға кім қол қойғанын көрсетті.

Ең жоғары статус – министр, вице-министрлер де бар арасында. Ертең сонда бұл ақшаны қалай қайтарамыз?", — деді палата спикері қаржы министріне қарап.

Премер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев мәжіліс төрағасының сөзін растады.

"Иә, бізде қазір аталған бағытта жұмыс жүріп жатыр. Қазір министрліктердің қажеттіліктеріне сыртқы қарызды тартуға тыйым салынған. Мұндай қарыз енді тартылмайды. Оның үстіне біз шетелдік валютада қарыз алуды қысқартып жатырмыз, олар барынша теңгемен болуы керек. Бұл бағытта жұмысты күшейтеміз", — деді Досаев.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
0
0
4
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel