RU
Бозымбаев қамауға алынған орынбасары туралы пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

Бозымбаев қамауға алынған орынбасары туралы пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Күні кеше үй қамауына алынған вице-министр Бақытжан Жақсалиев туралы министр Бозымбаев пікір білдірді. Оның айтуынша, Жақсалиев өз ісінің нағыз маманы. Сондықтан, қандай да бір түсініспеушілік болуы мүмкін деп отыр. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: zhalagash-zharshysy.kz

Фото: zhalagash-zharshysy.kz

"Мен ол кезде мүлде басқа жерде жұмыс істейтінмін. Сондықтан, бұл жағдайға қатысты ештеңе айта алмаймын. Бақытжан Мұхаметқалиұлын кәсіби энергетик ретінде білеміз. Ал оған қатысты тергеу шаралары министрліктің жұмысына еш әсер етпейді", - дейді Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, Энергетика вице-министрі қазір үй қамауында отыр. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Бақытжан Жақсалиев 2015 жылы Щучинск-Бурабай демалыс аумағындағы көлді тазартуға бөлінген қазына қаржысын жымқырған. Оған жұмсалған шығынды құжатта 30 есе артық көрсетіп, өзі қол қойып жіберген. Соның кесірінен, мемлекетке 746 миллион теңге шығын келіпті.

Дәл осы көлге қатысты үш ай бұрын тағы бір вице-министр Ғани Сәдібеков ұсталған еді. Ол да аталмыш демалыс аймағындағы көлді тазартуға бөлінген миллиард теңгені мердіргер компания басшысымен бірге бөлісіп алған.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel