RU
Бостондағы терактке қатысты сотталған қазақстандық түрмеден ертерек босайды
Жаңалықтар Қоғам

Бостондағы терактке қатысты сотталған қазақстандық түрмеден ертерек босайды

Рассказать Вконтакте

Сыртқы істер министрлігі 2015 жылы Бостондағы терактке қатысты сотталып кеткен Диас Қадырбаевтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығатынын мәлім етті. Бұл туралы Қазақпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: time.kz

Фото: time.kz

Қазіргі таңда Диас Қадырбаев АҚШ-тың Техас штатындағы "Big Spring" федералды түрмесінде жазасын өтецде.

"Жуық арада біздің отандасымыздың бостандыққа шығатынын қуана хабарлаймыз. Бұдан кейін елден шығарылу үшін ол АҚШ-тың көші-қон қызметіне (визасының мерзімі өтуіне байланысты) тапсырылады. Жақсы тәртібіне байланысты отандасымыз толық мерзімі өтпей тұрып босатылады. Алдын ала мәлімет бойынша, Қадырбаев 2018 жылдың 23 шілдесінде босатылады", - делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Белгілі болғандай, Сыртқы істер министрлігі Диас Қадырбаевты Отанына қайтару процедурасын жеделдету үшін мейлінше үлес қосуда. Қолда бар ақпараттарға сәйкес, оның жағдайы психологиялық және физикалық тұрғыдан жақсы.

"АҚШ-тағы Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері Диас Қадырбаевтың жағдайын осы жылдың маусым айының алғашқы жартысында біліп қайтады. Елшіліктегі қызметкерлер отандасымыздың әкесі Мұрат Қадырбаевпен үнемі байланыста", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазақстандық Диас Қадырбаев 2015 жылдың маусым айында 6 жылға сотталып кеткен болатын. Ол 2013 жылдың сәуірінде АҚШ-та ағайынды Царнаевтар жасаған терактқа қатысты іске іліккен еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel