RU
Атамқұлов KADEX көрмесінде мерт болған азаматтың жақындарынан кешірім сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Атамқұлов KADEX көрмесінде мерт болған азаматтың жақындарынан кешірім сұрады

Рассказать Вконтакте

Қорғаныс министрі Бейбіт Атамқұлов KADEX көрмесінде қаза болған азаматтың жақындарынан өзінің айтқан сөздері үшін ел алдында кешірім сұрады. Ол қайғылы оқиға болған уақытта марқұмның қазаға ұшырауына "өзі кінәлі" деп пікір білдірген болатын. Атамқұловтың эксклюзивті сұхбатын танымал блогер өзінің Facebook парақшасында жариялаған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Otyrar.kz

Фото: Otyrar.kz

"Мен сол уақытта-ақ жақынынан айырылып қалған жандарға моральдық тұрғыда соққы жасағанымды ойландым. Оған қатты өкінетінімді айтып, өзімнің орынсыз сөзім үшін кешірім сұрағым келеді", - дейді министр.

Ведомство басшысының сөзіне сүйенсек, аталған жәйт оның эмоционалдық жүйесіне қатты әсер еткен. Осыдан кейін министр қаза болған азаматтың отбасына барып, көңіл айтайын деп шешіпті.

"Үйде өте ауыр жағдай болып жатты. Бұл туралы мен айналамда ешкімге айтпадым, БАҚ-қа да мәлімет бермедім (...). Адамгершілікпен, өзім үшін, ол жерден шыққан соң ішімдегіні айтып салғанымнан бір жеңілдеп қалғанымды сездім", - дейді Атамқұлов.

Еске салсақ, "KADEX-2018" көрме кешенінің аумағында ер адамның үстіне стенд құлап, ол ауруханада көз жұмған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір