RU
Ең үздік педиатр менингит ауруынан қалай сақтану керектігін түсіндіріп берді (видео)
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ең үздік педиатр менингит ауруынан қалай сақтану керектігін түсіндіріп берді (видео)

Рассказать Вконтакте

Барлық ата-анаға бала денсаулығына байланысты кеңес беріп отыратын украиналық педиатр Евгений Комаровский менингит ауруы туралы жан-жақты түсіндіріп берді. Ол өмірге қауіпті дерт туралы Youtube желісінде видео жариялаған деп жазады NUR.KZ.

Фото: zvuchipoi.ru

Фото: zvuchipoi.ru

Педиатрдың айтуынша, соңғы уақытта қазақстандықтар тарапынан көптеген ата-ана менингит туралы сұрақтар қойып, баласының денсаулығы үшін алаңдаушылық танытыпты. Сонықтан ол жұқпалы індет туралы елге жан-жақты айтып берейін деп шешкен.

"Адам ағзасына менингококк инфекциясы түскенде, 100 пайыз жағдайда оған ешнәрсе болмағандай жүре береді. Тіпті тыныс жолында инфекциясы бар адам жылдар бойы аман жүруі мүмкін. Тек ол тыныс жолынан қанға өткен кезде бала тәулікке жетпей көз жұмады. Оны тіпті ең мықты дәрігер ең күшті дәрілермен емдеген күннің өзінде өлім жағдайы 10-20 пайыздан азаймай тұр", - дейді ол.

Комаровский елімізде инфекцияға қатысты орын алған жағдайды ерекше деп қараудың қажеті жоқ деп отыр. Себебі бұл кез-келген елде, әсіресе үлкен қалаларда үнемі болып отыратын құбылыс екен. Оған қоса екпе салдырып аурудан сақтанамын деу де әурешілік деп санайды.

"Екпе салдыру ешнәрсені өзгертпейді. Себебі сіз оны балаңызға салдырсаңыз А және С түрлерінен сақтануыңыз мүмүкін. Бірақ В түріне қарсы ешнәрсе табылмады. Сондықтан екпе туралы ғана ойлай бермей, басқа да профилактикалық шараларды қабылдауға кеңес беремін.

Ол үшін балаңызды адам көп жүретін қоғамдық орындарға алып бармаңыз. Жабық орындарда жиын өткізудің қажеті жоқ. Оның барлығын далада өткізу керек. Сондай-ақ, отырған жеріңіздің ауасын үнемі тазартып отырыңыз.

Есте сақтаңыз, менингококк тым көбейіп кеткен кезде ғана қанға өтіп кетуі мүмкін. Ол екінші бір адамға қатты жақындасып араласқан кезде, сүйісіп-құшақтасқанда жұғады. Бөлменің ауасын тазартып отыру арқылы кез-келген инфекциямен ең тиімді жолмен күресуге болады", - дейді дәрігер.

Оған қоса педиатр баланы тәулігіне, кем дегенде төрт сағат таза ауада серуендету керек дейді. Жөтеліп отырған адамның жанында тұрмауға шақырады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
4
1
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel