RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді

Рассказать Вконтакте

6 маусымға арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жылы ауа райы. Көрнекі фото: Факти - ICTV

Жылы ауа райы. Көрнекі фото: Факти - ICTV

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші найзағайлы жаңбыр жауады.

Кей жерлерде жел күшейіп, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с жетіп, кей жерлерде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді. Күндіз Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ал Атырау, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel