RU
Қазақстандық миллиардер кіші қызының тойын дүркіретіп өткізді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық миллиардер кіші қызының тойын дүркіретіп өткізді (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық миллиардер Патох Шодиев кіші қызының тойын дүркіретіп өткізді. Ол миллиондаған доллар қаражатын тойға жұмсауды жөн санаған. Бұл туралы CA-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: kazakbol.com, видео скриншоты

Фото: kazakbol.com, видео скриншоты

Патох Шодиев кіші қызы үшін ақшасын аямаған. Аста-төк той Мәскеудің ең қымбат мейрамханасында өтті.

Тойды атақты Максим Галкин жүргізді. Бизнесмен оған кемінде 100 мың доллар төлеген. Мерекеде АҚШ, Ресей және Өзбекстанның танымал жұлдыздары өнер көрсетті.

Патох Шодиев Өзбекстанда дүниеге келген. Қазақстандық миллиардер Eurasian National Resources Corporation иелерінің бірі. Оның мүлкі 3,7 млрд долларға бағаланып отыр.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
0
1
6
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір