RU
Доп секілді секіретін жұмыртқалар Ақтау тұрғынын шошытты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Доп секілді секіретін жұмыртқалар Ақтау тұрғынын шошытты (видео)

Рассказать Вконтакте

Дүкеннен жұмыртқа сатып алған Ақтау тұрғыны оның доп секілді секіретініне таңданыс білдірді. Бұл туралы "ИнАктау" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Жұмыртқа. Видеодан скриншот

Жұмыртқа. Видеодан скриншот

Видео авторы жұмыртқаны пісіргеннен кейін оның ішіндегі сарысын үстелдің үстіне лақтырып көреді. Жұмыртқаның сарысы доп секілді секіргені ер адамға күдікті болып көрінген.

Ол жұмыртқа Қытайдан келген жасанды жұмыртқалардың бірі деп топшылады. Алайда облыстық Қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының өкілі бұл болжамды жоққа шығарып, жұмыртқаның секіруі әдеттегі жағдай деп отыр.

Қатты піскен жұмыртқа осылайша секіре алатын көрінеді. Ал жұмыртқаға жасалған сараптамалар оның табиғи екенін растапты.

Басылым журналисі жұмыртқаға тәжірибе жүргізіп, бұған көз жеткізе алды.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
1
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір