RU
Шымкентте жеткіншек алты жасар балаға зорлық көрсетті деп күдіктелуде
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте жеткіншек алты жасар балаға зорлық көрсетті деп күдіктелуде

Рассказать Вконтакте

Шымкентте алты жасар балаға зорлық көрсетті деп күдіктелген жеткіншектің ісі қаралуда. Оқиға 4 мамыр күні Қайнарбұлақ ауылының маңында болған деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Зорлық. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды

Зорлық. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды

Алдын ала болжам бойынша, 14 жастағы жеткіншек алты жасар баланы алдап қаңыраған жеке үйлердің біріне алып кірген.

Ол балаға сексуалдық зорлық көрсетті деп күдіктеліп отыр. Полицейлер сот алды тергеу жүргізіліп жатқанын алға тартты.

Сараптамалар тағайындалып, оның нәтижесі шыққаннан кейін күдіктіге қатысты процессуалдық шаралар қолданылатын болады. Бүгінде кәмелетке толмаған екі бала да ата-аналарының қарауына алынған.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
2
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір