RU
Қазақстан құрамасы өз алаңында Әзірбайжан футболшыларын жеңіп кетті
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстан құрамасы өз алаңында Әзірбайжан футболшыларын жеңіп кетті

Рассказать Вконтакте

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада Әзірбайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Әзірбайжан футболшыларын жеңіп кетті

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Әзірбайжан футболшыларын жеңіп кетті

Ойындағы бірінші голды 13 минутта Роман Мұртазаев соқты. Араға бірер минут сала Серікжан Мұжықов есепті еселеді.

Ал үшінші голды 90 минутта жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов өз еншісіне жазды.

Оның алыстан қия тепкен добын Әзірбайжан құрамасының қақпашысы қайтара алмады.

Бір қызығы, ойындағы үш голды да "Астана" командасының ойыншылары соқты. Ал Станимир Стойлов ұлттық құрамадағы үшінші ойынына бастап шықты.

Бірінші кездесуінде Венгрия құрамасын 3:2 есебімен ұтса, екінші кездесуде Болгарияға 2:1 есебімен ұтылған болатын.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 6 қыркүйек күні Ұлттар лигасы аясында Грузияға қарсы өткізеді. Сондай-ақ, топта Латвия мен Андорра құрамаларына қарсы ойнайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel