RU
Ойында жарақат алған қақпашы ауыз бекіткен футболшыларға тамақ берді
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ойында жарақат алған қақпашы ауыз бекіткен футболшыларға тамақ берді

Рассказать Вконтакте

Тунис құрамасының қақпашысы футбол бойынша әлем чемпионатының алдындағы жолдастық ойын кезінде ауыз бекіткен команда мүшелерін тамақтандырудың жолын тапты деп хабарлайды Prosports.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ойында жарақат алған қақпашы ауыз бекіткен футболшыларға тамақ берді

Ойында жарақат алған қақпашы ауыз бекіткен футболшыларға тамақ берді

Муэз Хассен Түркия және Португалия құрамаларымен ойын кезінде екі рет жарақат алған. Салдарынан екі ретте де ойын ауызашар уақыты кірген кезде тоқтатылған. Осы кезде ойыншылар бірден бапкерлеріне жүгіріп, су ішіп, тамақтанып алыпты.

Аталған екі жағдайда да қақпашы ауыр жарақат алмаған, сонымен қатар алаңға шығып, ойынды да жалғастыра берген.

Басылымда аталғандай, мұндай үзілістерден кейін құрама анағұрлым жақсы ойнай бастапты.

Үзіліске дейін Португалия 2:1 есебімен алда келе жатқан. Алайда спортшылар тамақтанып алғаннан кейін, есеп теңескен. Сонымен қатар Түркиямен өткен ойын да 2:2 есебімен теңбе-тең аяқталды.

Ал Хасеннің өзі Twitter желісіндегі парақшасында: «Негізі қатты ауырған еді», – деп жазды.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір