RU
Головкин бір жылда 25 млн доллар тауып, ең табысты спортшылар тізіміне енді
Жаңалықтар Қоғам

Головкин бір жылда 25 млн доллар тауып, ең табысты спортшылар тізіміне енді

Рассказать Вконтакте

Forbes жылдың ең табысты спортшыларын жария етті. Геннадий Головкин тізімде 72-орынға жайғасқан. Бұл туралы NUR.KZ порталы forbes.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Головкин. Фото: matritca.kz

Головкин. Фото: matritca.kz

Боксшы 12 айда 25 млн доллар табысқа кенелген. 23 миллионды Головкин мексикалық "Канеломен" және америкалық Ванес Мартиросянмен өткен жекпе-жегінде алса, тағы 2 млн жарнамадан түскен.

Оның қарсыласы "Канело" 15-ші орынға жайғасқан. Спортшының табысы 44,5 млн доллар деп бағаланып отыр.

Тізімде АҚШ боксшысы кіші Флойд Мейвезер көш басына орналасты. Оның табысы - 285 млн доллар.

Алғашқы үздік ондыққа Лионель Месси, Криштиану Роналду, Неймар, Конор МакГрегор, ЛеБрон Джеймс пен Стефен Карри, Роджер Федерер кірген.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
3
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel