RU
Ақылды сынып: Алматыда науқас балаларға арналған ерекше бөлме ашылды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақылды сынып: Алматыда науқас балаларға арналған ерекше бөлме ашылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында науқас балаларға арналған «Ақылды сынып» ашылды. Ауруханада ашылған ерекше сыныптың артықшылықтарымен NUR.KZ тілшісі танысып қайтты.

"Ақылды сынып"

"Ақылды сынып". Фото: NUR.KZ

Емханадағы жаңа оқу бөлмесі онкологиялық дертке шалдыққан балаларға арналған. Қазір орталықта 100-ден аса бала емделіп жатыр. Олардың көпшілігі айлап немесе жылдап ем алуға мәжбүр.

"Ақылды сынып"

"Ақылды сынып". Фото: NUR.KZ

Дегенмен балалар өз қатарластарынан қалыс қалмау үшін мектеп бағдарламасын аурухана бөлмесінде жатып оқиды. Бүгінде ұзақ мерзімге жататын балаларға арнайы қосымша сабақтар сыныбы ашылған.
"Ақылды сынып"

"Ақылды сынып". Фото: NUR.KZ

«Ақылды сынып» толығымен әр балаға арнайы жеке планшеттермен және интерактивті тақтамен жабдықталған.

"Ақылды сынып"

"Ақылды сынып". Фото: NUR.KZ

Балалар аптасына жас мөлшерлеріне орай сыныптарға бөлініп, ағылшын тілі, шахмат, робот жасау сияқты үйірмелерге қатысады.

"Ақылды сынып"

"Ақылды сынып". Фото: NUR.KZ

Ауруханада мектеп бағдарламасы бойынша өтетін сабақтар қыркүйектен мамырға дейін өтілетін болса, қосымша сабақтар жыл бойы тоқтатылмайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір