Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем Чемпионатына келетін ең сымбатты футболшылар белгілі болды

Опубликовано:

Бүгінде футбол ойынын ер азаматтармен бірге нәзік жандылар да жібермей көруге тырысады. Алайда қыздарды көбірек қызықтыратын қақпаға түскен гол емес, сол доппен ойнайтын сымбатты жігіттер екен. Осы орайда Ресейде өтетін жарысқа қатысатын ең сымбатты футболшылар тізімін Super сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Андре Силва

Фото: super.ru
Фото: super.ru: UGC

Алғашқы орында 22 жастағы португалиялық спортшы Андрес Силва. Өзі жас болса да, талапты жігіт ФК "Милан" тобында мықты ойын көрсетіп, 2018 жылғы әлем чемпионатына жолдама ұтып алды.

Серхио Рамос

Фото: super.ru
Фото: super.ru: UGC

"Реал" футбол командасының капитаны, 32 жастағы Серхио Рамос өзіне ғашық қыздардан әскер жасақтап алатын шамаға жетті. Ол өзінің сымбаты жағынан Роналдудың алдына шыға алмаса да, Ресейге келетін тартымдылар қатарында.

Марио Гомез

Фото: super.ru
Фото: super.ru: UGC

Тағы бір 32 жастағы сымбатты азамат Марио Гомездің испандық түбірі бар екені баршаға мәлім. Ол тек шаршы алаңда доп теуіп қана қоймай, Hugo Boss брендінің бет-бейнесіне айналған.

Неймар да Силва Сантос Жуниор

Фото: super.ru
Фото: super.ru: UGC

Неймар кей адамдарға соншалықты сымбатты болып көрінбегенімен, оның костюм таңдаудағы талғамымен ешкім таласа алмайды. Оған қоса 26 жастағы футболшы Роналду мен Мессидің ізін басып келеді деп айтуға негіз бар.

Мартин Касерес

Фото: super.ru
Фото: super.ru: UGC

Бұл 31 жастағы жігіт Уругвай құрамасында ойнайтын болады. Оның анық шығып тұратын бетсүйегі мен әбден шыныққан дене бітімі қыздарды қызықтырмай қоймайды.

Антуан Гризманн

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: UGC

27 жастағы Франция құрамасының футболшысы Антуан Гризманн да талай арудың жүрегін жаулап үлгерді. Алайда сымбатты спортшының басы бос емес. Ол үйленген және бүгінде екі жасар қыздың әкесі.

Марко Асенсио

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: UGC

22 жастағы Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Марко Асенсио. Өзі жас әрі сымбатты футболшы басы бос болғандықтан, нәзік жандылар қауымының негізгі үмітіне айналған.

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1735654-lem-cempionatyna-keletin-e-symbatty-futbolsylar-belgili-boldy/

pixel