Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі жұлдызды ата-әжелер кімдер? (фото)

Опубликовано:

Сахнаға сәнденіп шыққанымен үйде немере бағатын өнер иелері кімдер? Еліміздің жұлдыздары көпшілікке немерелерін қаншалықты жиі көрсетеді? Жас көрінсе де, немереге қарайлайтын жасқа жеткен өнерпаздар жайлы NUR.KZ порталы хабарлайды.

Жұлдызды ата-әжелер. Фото-коллаж:NUR.KZ
Жұлдызды ата-әжелер. Фото-коллаж:NUR.KZ: UGC

Бұл тізімді немерелерінің тәтті қылығын үнемі көпшілікпен бөлісіп жүретін Гүлзира Айдарбекова бастайтыны анық.

Айдарбекова немерелерімен. Фото-коллаж: NUR.KZ
Айдарбекова немерелерімен. Фото-коллаж: NUR.KZ: UGC

Қайрат Нұртастың анасы төрт немересін көпшіліктен он жылдан аса жасырып келіп, арнайы концерт арқылы халыққа таныстырды. Өнерлі отбасыда өмірге келген балақайлардың биі мен әніне осы кеште тыңдармандар куә болған еді. Сезім мен Алау, Хан мен Нарұл есімді төрт немересін Айдарбековтер отбасы өздерінше еншілеп те алған.

Тастембеков немерелерімен. Фото-коллаж: nur.kz
Тастембеков немерелерімен. Фото-коллаж: nur.kz: UGC

Ерік Тастембеков те үнемі өзінің немерелерінің суретін желіде бөлісіп, олардың тәтті қылығын сөз қылып отырады. Бірнеше әншінің жұлдызын жаққан продюсер қазақтың "көз тиедісі" мен "сөз тиедісіне" сенбейтін сыңайлы.

Нұрлан Еспанов немересімен. Фото-коллаж: NUR.KZ
Нұрлан Еспанов немересімен. Фото-коллаж: NUR.KZ: UGC

Нұрлан Еспанов та былтырғы жылы жиенді болған еді. Тхэквондодан әлем чемпионы Жалғасбек Касымовқа күйеуге шыққан әншінің қызы Айгерім Еспанова ұл баланы дүниеге алып келген болатын.

Хасанғалиев немерелерімен. Фото-коллаж: NUR.KZ
Хасанғалиев немерелерімен. Фото-коллаж: NUR.KZ: UGC

Ескендір Хасанғалиевте өнер жолында жүрген аталардың бірі. Халық әртісі Instagram парақшасында немерелері Зере мен Нұрсұлтанның суреттерін жиі жүктеп отырады. Әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев осыдан бірнеше жыл бұрын ұлды болған еді. Қос өнер иесінің бұл қуанышына әншілердің көбісі ортақтасып, ақ тілектерін жаудырған болатын.

Ұлықпан Жолдасов немерелерімен. Фото-коллаж: NUR.KZ
Ұлықпан Жолдасов немерелерімен. Фото-коллаж: NUR.KZ: UGC

Композитор Ұлықпан Жолдасов та 2015 жылы немерелі болған еді. Алайда Жолдасов Instagram парақшасында немерелерінің суретін жиі жариялай бермейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1735658-elimizdegi-zldyzdy-ata-zeler-kimder-foto/

pixel