RU
Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков қамауға алынды
Жаңалықтар Әлемде

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

5 маусым күні Қырғызстан бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков қамауға алынды деп жазады Азаттық радиосына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков қамауға алынды

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков қамауға алынды

Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Бішкектегі Первомайский аудандық соты Исаковты тергеу аяқталғанға дейін тергеу изоляторына қамау туралы шешім шығарған.

Исаковқа Бішкектегі Жылу электр станциясын (ЖЭС) модернизациялау ісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында "сыбайлас жемқорлық" айыбы тағылған.

Исаков 29 мамырда Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінде (ҰҚМК) кезекті рет тергелді. Ол алғаш рет тергеуге 26 сәуірде шақырылған.

Тергеу дерегі бойынша, Сапар Исаков 2013 жылы Қырғызстан президенті аппаратында сыртқы саясат бөлімін басқарып тұрған кезінде, "Бішкек қаласы ЖЭС-ін модернизациялау" жобасын жүзеге асыру барысында қызметін пайдаланып, мердігерді конкурста іріктеп алу кезінде шетелдік компанияның мүддесін қорғаған.

Сапар Исаков Азаттыққа сұхбатында ешқашан "сыбайлас жемқорлыққа ұрынбағанын, сондықтан қорықпайтынын" айтқан еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір